Жаңа тұрғын үй кешендеріне қойылатын талаптарға өзгеріс енгізілді

19 Қыркүйек 2023, 09:53
2004
Бөлісу:
Жаңа тұрғын үй кешендеріне қойылатын талаптарға өзгеріс енгізілді
VIDEO
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында абаттандырылатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Айтуынша, енді жеке құрылыс салушылар өздерінің ТК аумағында 100 мыңнан астам жасыл желек отырғызады.

Құрылыс салушыларға құрылыс сапасымен бірге қажетті инфрақұрылымның бәрін тиісті түрде жүргізу, аулаларды абаттандыру және аумақты көгалдандыру міндеттерін жүктедік. Осылайша биыл қолданысқа берілетін тұрғын үй кешендерінің аумағын көгалдандыру жоспарын қайта қарадық. Жасыл желектердің санын 2,5 есе арттырдық. Осылайша, жеке құрылыс салушылар өздерінің ТК аумағында 100 мыңнан астам жасыл желек отырғызады. Алғашқы кезеңде 100-ден астам тұрғын үй кешенін қамтимыз, - деп жазды әкім.

Сондай-ақ ол аулаларды абаттандыру бойынша да талаптар бар екенін айтты.

Біз өз тарапымыздан қаланы абаттандыру жұмысын ары қарай жалғастырамыз. Биыл абаттандырылған аулалар мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) саны 165-тен асады. Мәселен, Қ.Мұңайтпасов, Бейбітшілік бойында жаяу жүргіншілерге арналған променадтар ашылса, «Амман» және «Абылай хан» көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелі жасалды. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерлерін біріктірді. Орталық жағалаудағы тарихи көшелер жаңарып жатыр, «Журналистер аллеясы», Салтанат қақпасы жанындағы алаң және т.б. абаттандырылды, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы