Жаңа туған нәрестелерге «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді

18 Желтоқсан 2021, 18:31
3808
Бөлісу:
Жаңа туған нәрестелерге «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай baby-бокстар сыйға тартылды. 

«Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, "Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл" монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған. 

Жаңа туған нәрестелерге «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді
Жаңа туған нәрестелерге «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді

Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін! – деп жазылған Президенттің құттықтауында.

16 және 17 желтоқсанда туған балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАЖ органдарына жолданды. 

Өздеріңіз білетіндей, бала туғаннан кейін оларға баланың бірінші құжатын проактивті түрде рәсімдеу ұсынысымен смс келеді. Сондай-ақ, өтінішті портал немесе ХҚО арқылы беруге болады. Біздің қызметкерлер перзентханаларға барып, босанған әйелдерден тікелей өтініш алды. Алматы қаласы бойынша мереке күндері 215 бала дүниеге келді. Біздің қызметкерлер құжаттарды одан әрі жедел дайындау үшін АХАТ-қа жіберді. Барлық мереке күндері ХҚО-ның, Қазпоштаның барлық қызметкерлері Президенттің құттықтауы мен сәби бокстарын жеткізу үшін, бокстарды дайындау жұмыстарын жүргізді, – дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ермек Құралбекұлы Бекжүнісов.

Барлық baby-бокстар иелеріне Қазпошта арқылы жөнелтілді.

Жаңа туған нәрестелерге «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді

Дүниеге сәбиіміз келіп бір қуансақ, «Сүйінші» қорабын алып қуанышымыз еселеніп жатыр. Оның үстіне сәбиіміз мереке күні дүниеге келді... Қуанышымда шек жоқ. Президенттің өзі құттықтау хатын жолдап жатса, неге қуанбасқа! Балам Қазақстан Республикасының бақытты балаларының бір болып өседі деп сенемін! Өмірге алғашқы келген күннен құрметке ие болып жатыр... Елімізде аналар да, балалар да бақытты болсын! – дейді Алматы қаласының тұрғыны Ескелдинова Гүлфия Еділханқызы.

Жаңа туған нәрестелерге «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді

 

Өзгелердің жаңалығы