Жарты жолда тастап кете алмаймыз: Сағынтаев LRT құрылысы туралы пікір білдірді

25 Маусым 2021, 14:51
2813
Бөлісу:
Жарты жолда тастап кете алмаймыз: Сағынтаев LRT құрылысы туралы пікір білдірді

 

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қалада LRT құрылысы бастала ма?» деген сауалға жауап берді.

Оның айтуынша, бұл сұрақ көпті толғандырады.

Бір анығы, жобаны бастамас бұрын оны жан-жақты талқылап, тоқтап қалмайтынына көз жеткізуіміз керек. Құрылысты кез келген уақытта бастай аламыз, бірақ қандай ақшаға? Осы маңызды. Мысалы, құрылыс-монтаж жұмыстарына 300 миллион доллар қажет делік. Бюджет мұндай жобаны бір өзі қаржыландыра алмайды. Егер қаржы тартатын болсақ, 50 пайызын болсын бюджет өз мойнына алуы тиіс. Ал тартылатын қаржы шетел валютасымен алынатындықтан, жоба аяқталғанда ол миллиардтаған доллар болады. Оны қалай қайтарамыз? Соны ойлауымыз керек. Сондықтан алдымен осы мәселелер шешілуі тиіс, - деді ол. 

Әкімнің сөзінше, алдымен метро құрылысы аяқталуы керек. Үкімет метро мен LRT сияқты екі ірі жобаны бірдей қаржыландыра алмайтынын айтты.

 

Алдымен метроны салып алуымыз керек. Содан кейін барып LRT мәселесіне көшуге болады. Сондықтан бұл оңай шаруа емес. Бастауын бастап, құрылысты жарты жолда қалдыра алмаймыз, - деді Алматы әкімі.

 

Бұған дейін қала басшысы «Алматыға локдаун енгізіле ме?» деген сауалға жауап берген болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы