Алматыға локдаун енгізіле ме?

25 Маусым 2021, 14:19
9047
Бөлісу:
Алматыға локдаун енгізіле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жауап берді.

Оның айтуынша, локдаунның енгізілуі екіталай.

Дегенмен шектеу шаралары міндетті түрде қабылданатын болады. Қазіргі күні шектеу шаралары қаулысының жобасы әзірленіп жатыр. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет комитет шешімін күтуде. Комитеттің қаулысынан кейін қалалық департаменттің қаулысы шығатын болады, - деді ол.

Оның айтуынша, қалада вирус жылдам тарап, жағдай күрделеніп келеді.

Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Тұрғындар да шектеу шараларына түсіністікпен қарайды деген үміттеміз. Вакцинациялау жұмыстарын күшейту қажет. Індеттен құтылудың, жағдайды ушықтырмаудың жалғыз жолы осы. Сондықтан алматылықтарды өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, вакцина алуға шақырамын, - деді Бақытжан Сағынтаев. 

Бұған дейін ол жағдай ушықса, көпсалалы ауруханалар инфекциялық мақсатта пайдаланылатынын айтты

Өзгелердің жаңалығы