Жаңа Құрылыс кодексі. Енді не өзгереді?

6 Маусым 2023, 18:24
1101
Бөлісу:
Жаңа Құрылыс кодексі. Енді не өзгереді?
Фото: Арман Мухатов архив

Елімізде жаңа Құрылыс кодексінің бірінші жобасын талқылау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл реформа бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, сондай-ақ «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ-ның өкілдері жергілікті атқарушы органдар, кәсіпкерлер және құрылыс саласының сарапшыларымен пікір алысып, қоғамның ұсыныс тыңдап қайтқанын айта кетейік.

Тұтастай алғанда, аталған заң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Осы кодекс пен  барлық кезеңде құрылыс процесін онлайн-режімде бақылауға мүмкіндік беретін E-Qurylys ақпараттық жүйесін енгізу арқылы маман тапшылығы, бақылаудың тиімсіздігі мен халықтың сенімсіздігі, экономикаға теріс әсері, экология мен халықтың денсаулығына қауіпті мәселелер шешімін табады деп болжанған.

Бұл орайда заң жобасы 4 негізгі заңнан тұратынын айта кетейік. Сонымен бірге құрылыс процесінің толық циклін қамтып, 8 кодекске және 14 ілеспе НҚА-ге (заңдарға) өзгерістер енгізу қарастырылып отыр.

Аталған құжат қоғамның қызығушылығын оятып, оны белсенді түрде талқылауға әсер етті. Әсіресе сарапшылар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдары бойынша пікір алысты.

Айта кетейік, Осы ретте Құрылыс кодексін бекіту кезінде жоғарыдағы кездесулерде айтылған барлық ұсыныс мен ескертулер ескерілетінін атап өткен абзал.

Өзгелердің жаңалығы