Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңа Конституцияда егемендік пен тәуелсіздік ұғымдары ерекше құндылық ретінде айқындалды – Қарин

Жансая ҚАМБАР
Бүгiн, 17:40
134
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жаңа Конституция жобасында тәуелсіздік, егемендік, мемлекеттілік, аумақтық тұтастық секілді ұғымдар мемлекеттің басты құндылығы, негізгі басымдығы ретінде айқындалып, орныққанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ерлан Қарин оны жаңа преамбуладан анық аңғаруға болатынын мәлімдеді.

Қолданыстағы 1995 жылғы Конституцияда тәуелсіздік деген сөз екі рет аталады. Сол сияқты егемендік сөзі де екі рет аталады. Қазір қоғам талқылауына ұсынып отырған жаңа Ата заңның жобасында тәуелсіздік, егемендік ұғымдары 6 рет аталады. Не үшін? Себебі, басынан аяғына дейін тәуелсіздік, егемендік ұғымдары – негізгі, фундаменталды ұғымдар, - деді Мемлекеттік кеңесші.

Ол сөзіне дәлел болар нақты нормалардан мысал келтірді.

Атап айтқанда, 2-баптың 6-тармағында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі өзгермейді деп нақты тұжырым жасалған. 3-баптың 1-тармағындағы Қазақстан Республикасы қызметінің негізін құраушы қағидаттары ең алдымен егемендік пен тәуелсіздікті қорғау деп басталады. Нығайту, дамыту емес, егемендік пен тәуелсіздікті қорғау деп басталады, - деді Қарин.

Өзгелердің жаңалығы