Жаңа Конституция: Үкімет Президент тапсырмаларының орындалуын қарайды

Жаңа Конституция экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейтін, озық әрі қарқынды дамудың берік институционалдық негізін қалыптастырады

 Ақорда Бүгiн 2026, 10:05
Бүгiн 2026, 10:05
184
Фото: Ақорда

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты Үкімет отырысында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін министрлер кабинеті жаңа Конституция аясында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың орындалу барысын қарайды.

Үкімет басшысы жаңа Ата заң — еліміздің алдағы ондаған жылдағы даму бағдарын айқындайтын негізгі құжат екенін атап өтті.

Ата заңның қабылдануы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан елімізді жаңғыртудың жаңа кезеңін азаматтарымыздың жаппай қолдайтынын анық көрсетті. Жаңа Конституция экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейтін, озық әрі қарқынды дамудың берік институционалдық негізін қалыптастырады, — дейді ол. 

Премьер-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы Қазақстан жаһандық өзгерістердің көшін қуып жетумен ғана шектелмей, жаңа экономикалық ахуалды қалыптастыратын белсенді қатысушыға айналуы тиіс екенін айтты. Жүргізіліп жатқан реформалардың барлығы дәл осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Ал олардың түп негізінде жаңа Конституциямыз тұр.

Барлық мемлекеттік және қоғамдық институттарды түбегейлі жаңғырту басталды. Жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің барлығы қоғамдағы тұрақтылықты одан әрі сақтау, азаматтардың әл-ауқатын лайықты деңгейде қамтамасыз ету, заң мен тәртіп қағидатын нығайту сондай-ақ қазақстандықтардың озық ойлы әрі жоғары интеллектуалды буынын қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Осы тұрғыда жаңа Конституциямыздың сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шараларды қараймыз, — деді Үкімет басшысы.

Наверх