Биыл «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық әртісі» Асанәлі Әшімов 85 жасқа толды. Әртіс мерейтой аясында өзі құрған «Жаңа ғасыр» театрымен ел аралап жүр. Театр ұжымының кезекті аялдамасы Маңғыстау болды, деп хабарлайды Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.
Ақтауға екі күндік гастрольдік сапармен келген өнер ұжымы көрермен назарына «Соңғы қоңырау», «Жарқанат», «Тағдыр тақтасы» қойылымдарын ұсынды. Өнер ұжымы театр шымылдығын «Соңғы қоңырау» спектакльмен түрді. Бұл қойылым гастрольге арналған, сахнада көп декоратция жоқ. Қойылмға арқау болған жастық шақ, достық пен махаббат.
Өнер халықтікі. Халықтың алдында есеп беру міндетіміз. Кейде жетпей жатамыз, барлық облысты қамти алмай жатамыз. Өзімнің жақсы көретін жағым Батыс, оның ішінде Атырау мен Ақтау. Бұған енді міндетті түрде келуім керек болды. 85 жылдық бар. Халықты ойландыру да керек. Құр бекерге ыржақтап күле беретіндер бар. Ұсақ күлкіге, арзан күлкіге құрылатын нәрселер халықты өсірмейді. Мен балаларға қолдарыңнан келгенше шындықты беріп, қолдарыңнан келгенше шыншыл болыңдар деп үйреттім- ҚР ЕҢБЕК ЕРІ Асанәлі Әшімов .
Одан әрі көпшлікке жаңағасырлықтар «Жарқанат» музыкалық комедиясын ұсынды . Музыкалық комедия мәңгілік махаббаттың бір-біріне деген адалдыққа, шынайылыққа негізделетінін ұғындырғысы келеді. "Тағдыр тақтасы" қойылымы болса, аңыз адам Асанәлі Әшімовтың шығармашылығы мен өміріне арналған.
Осыдан 5 жыл бұрын құрылған театрда қазір 35 әртіс бар. «Жаңа ғасырлықтардың» басты ерекшелігі - таңдалған шығарманы сахналау, оған дейінгі жасалатын жұмыстың барлығына өздері жауапты.
Бізде ешқандай грузчик жоқ. Декорацияны да өзіміз құрамыз. Гример жоқ. Гриммді де өзіміз саламыз. Костюмер де жоқ бәрін өзіміз сызып, тігеміз. Актерлар өздері режиссер, өздері биші. Асанәлі аға 80 жылдық мерейтойы аясында өзімнен қалған тұяқтарым болсын деп, болашақ қазақ халқына өнеріне үлкен үлес қосады деген үміт қойды. Сол үмітті ақтауға тырысып жүрміз. "Жаңа ғасыр" деген атқа лайық болу үшін театр репертуарын қайта жаңартайын деп жатырмыз. Өйткені заман талабы басқаша. Қазір тикток, инстаграм неше түрлі әлеуметтік желілер болғанға байланысты халықты театрға шақыру қиындау .. Сол үшін барынша қойылымның өзін кез келген көрерменге түсінікті болатындай, олардың қазіргі ойлап жүрген ойлары, мақсаттары, армандарына сәйкес келетін қойылымдарды таңдап театр өнеріне жаңа леп қоссақ деген ойдамыз – дейді «Жаңа ғасыр» театрының басшысы Саламат Өтешов.
"Жаңа ғасыр" театрының репертуарында бүгінгі таңда оннан астам қойылым бар. Биыл театр қоржынын тағы 3 спектальмен толықпақ.