Жаңа бюджет және Салық кодекстері әзірленеді – министр

8 Қыркүйек 2022, 16:01
841
Бөлісу:
Жаңа бюджет және Салық кодекстері әзірленеді – министр

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Фискалдық реттеуді қайта жаңғырту мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленеді. Салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға және цифрландыруға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ қазіргі уақытта 2030 жылға дейінгі салық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, Президент қойған жаңа міндеттер бюджеттік жоспарлауды бюрократиядан арылтуға және бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге байланысты жұмыстың қисында жалғасы болады. 

Сондықтан Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасының ережелерін және басқа да өзекті мәселелерді қамтитын жаңа Бюджет кодексін әзірлеу тиімді және үнемді бюджет саясатын қамтамасыз етуге жаңа серпін береді. Жаңа салық және бюджет кодекстерін әзірлеу қоғаммен бірлесіп және сарапшылардың, бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жүргізілетін болады, - деді министр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Әлібек Қуантыров Қостанайдағы алапат өрттен зардап шеккен жандарға жаңадан баспана салып беру үшін бюджеттен қанша ақша бөлінетінін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы