Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге жаңа баспана салуға қанша қаржы бөлінеді?

8 Қыркүйек 2022, 15:54
1120
Бөлісу:
Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге жаңа баспана салуға қанша қаржы бөлінеді?
Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігінен бірінші бюджеттік өтінім келді. Осы бюджеттік өтінім бойынша Үкіметтің резервінен 2,3 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат нысаналы. Ол үйлердің құрылысына жіберілетін болады. Есептер бойынша қазіргі таңда бұл қаражат 91 үйге арналып отыр. Әр үйге есептесек, әрбір баспанаға 25 млн теңгеден келеді, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, салынатын әр үйге берілетін учаскенің көлемі де белгіленген. 

Әрбір салынатын үй үшін 10 сотық жер беріледі. Осылайша, баспаналар 100 шаршы метрден салынады. Сумен, электр жарығымен, жолмен қамтамасыз етіледі, - деп түсіндірді министр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржы вице-министрі Татьяна Савильева  2023 жылы өңірлерге бюджеттен қанша ақша бөлінетіні туралы айтқан болатын. Бөлінетін қаражат  бюджеттің жалпы шығынының 28,7%-ын құрайды. 

Өзгелердің жаңалығы