Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

21 Қыркүйек 2023, 22:38
1909
Бөлісу:
Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Жәмила Бақбергенова күрес түрлерінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ qazsport-қа сілтеме жасап.

72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жәмила польшалық Наталья Сразалканы 4:1 есебімен жеңіп, Сербиядағы әлем біріншілігінде үшінші орын алды.

Енді Жәмила Бақбергенова екі аптадан кейін Ханчжоудағы Азия ойындарында 76 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Өзгелердің жаңалығы