Жамбылдық полицейлер шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цехты тапты

12 Қазан 2023, 18:34
603
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цехты тапты
PHOTO
Фото: Polisia.kz

Жамбылдық полицейлер құрамында бағалы металдар бар шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цехты тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Мойынқұм ауылының 54 жастағы тұрғынының жеке тұрғын үйінің қосалқы ғимаратында құрамында бағалы металдар бар шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цехты анықтады.

Тексеру барысында қуат көзіне қосылған 3 қолдан жасалған ұсақтағыш, сондай-ақ жалпы салмағы 1 тоннаға жуық әртүрлі тастар табылып, тәркіленді.

Жамбылдық полицейлер шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цехты тапты

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 295-1-бабының 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сараптама тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы