Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 11 желтоқсанында Тараз қаласының 34 жастағы тұрғыны Тұрар Рысқұлов ауданының жайылымынан белгісіз адамдардың 26 бас жылқыны ұрлағаны туралы арызданған.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігі (мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тұрар Рысқұлов ауданының полицейлері мал ұрлығы үшін бұрын екі рет сотты болған Жарлысу ауылының 31 жастағы тұрғынын ұстады.
Қазіргі уақытта аталған қылмысқа басқа адамдардың қатыстылығы, сондай-ақ күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Жылқылар иесіне қайтарылды.