Жамбылдағы жарылыс. Сапарбаев жағдайдың бақылауға алынғанын айтты

27 Тамыз 2021, 07:02
1919
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс. Сапарбаев жағдайдың бақылауға алынғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты тұрғындарға көмектесу үшін өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылған.

Жарылыс зардаптарын жою және эвакуацияланған тұрғындарды керек-жарақпен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Менің басшылығыммен құрылған жедел штаб барлық қажетті шараларды атқаруда, - деп жазды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев фейсбуктегі парақшасында.

Оның сөзінше, зардап шеккендер Тараз қалалық және аудандық ауруханаларға жеткізілген. Қазіргі таңда медициналық көмек көрсетілуде. 

Сондай-ақ ол Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлерімен бірлесіп, тиісті шешімдер қабылданып жатқанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы