Жамбылдағы жарылыс: Министр апатқа не себеп болуы мүмкін екенін айтты

27 Тамыз 2021, 10:26
2134
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс: Министр апатқа не себеп болуы мүмкін екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев хабарлады. Ведомство басшысы апатқа себеп болуы мүмкін бірнеше нұсқаны алға тартты.

Оның айтуынша, апат себептерінің бірі – қауіпсіздік талаптарының сақталмауы болуы әбден мүмкін.

Алдын ала болжамдар бойынша түрлі себептерді алға тартып отырмыз. Оған қауіпсіздік талаптарының бұзылуы себеп болуы ықтимал. Тағы бір нұсқа – өздігінен болған жасырын химиялық реакция апатты тудыруы әбден мүмкін, - деді Қорғаныс министрі.

Бұған дейін министр апаттан соң бірнеше адамның байланысқа шықпай жатқанын айтқан еді.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер сақталған қоймалардың бірінде өрт шыққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы