Семейде үй жөндеп жатқан ер адам үйінді астында қалды

Семейде жеке тұрғын үйді жөндеу кезінде ер адамды құрылыс конструкциялары басып қалған.

 ҚР ТЖМ 26 Қазан 2026, 13:51
26 Қазан 2026, 13:51
195
Фото: ҚР ТЖМ

Семейде құтқарушылар жеке тұрғын үйдің опырылған конструкцияларының астында қалған ер адамды аман алып шықты. Оқиға құрылыс-жөндеу жұмыстары кезінде болған. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Алдыңғы күні 112 пультіне қаладағы жеке үйлердің бірінде төбе жабындарының опырылғаны туралы хабарлама түскен. Ер адам құлаған конструкциялардың астында қысылып қалып, өздігінен шыға алмаған.

Наверх