Жамбылдағы жарылыс: Қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған – министрлік

27 Тамыз 2021, 10:57
3407
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс: Қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған – министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТЖМ баспасөз қызметі Жамбыл облысындағы жарылыс бойынша жедел ақпарат таратты. 

2021 жылғы 26 тамызда 18 сағат 47 минутта Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы өрт сөндіру бөлімінің пультіне Қорғаныс министрлігі 28349 әскери бөлімінің қоймасында (Жамбыл облысы, Королевка кенті, Тараз қаласынан 30 шақырым) түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт орнына Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары жоғарғы шақыру нөмірі бойынша 34 бірлік автотехника және 114 адам жіберілді, 15 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды, оның ішінде ТЖ аймағында 4 бірлік техника. Гарнизон жоғарғы шақыру рангы бойынша шықты. Өрт қойма ғимаратын толық шарпыған. Фрагменттердің ұшу радиусы 2 км-ге дейін жетті, алдын-ала мәліметтер бойынша қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Өрт нысанына жақын жерде 3 елді мекен орналасқан, Жібек жолы кенті 3 км (378 адам), Үшбұлақ стансасы – 8 км (216 адам), Ботамойнақ – 10 км (492 адам), халықтың жалпы саны шамамен 1 086 мың адам. Қазіргі уақытта 710 тұрғын Тараз қаласына эвакуацияланды. (Жамбыл политехникалық колледжі, Теміржол колледжі, Қазақ-түрік колледжі, Тараз сервис және технология колледжі, Қант-зауыт колледжі, №5, 6, 10, 44, 23, 9, 12, 8, 54 және 53 орта мектептері, оның 128-і эвакопунктерде, 582-сі туыстарында.

Алдын ала ақпарат бойынша ауруханаға 49 ТЖД қызметкері түскен.

Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеуде. Сондай-ақ оқиға орнына Алматы қаласынан құрамында 6 техника мен жеке құрамның 22 адамы, Түркістан қаласынан АМО 1 техникасы, Шымкент қаласы ТЖД арнайы жасағының 8 техникасы мен жеке құрамның 33 адамы және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері келді, - делінген хабарламада.

ТЖМ Қорғаныс министрлігінің ресми сұрау жолданса, өртті сөндіру үшін тікұшақтар ұсынуға дайын.

Алдағы уақытта ТЖМ күштері мен құралдары қалған өрт ошақтарын сөндіруге, сондай-ақ тұрғындарды тұрақты орналасу орнына қайтаруға және т/ж көлігі жолдары мен автомобиль жолдарын қалпына келтіруге тартылатын болады.

ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды. Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штабы жұмыс істейді. Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылды:

- ТЖМ - 153 қызметкер, 46 техника, 

- ПД - 400 қызметкер, 54 техника, 

- №28349 ә/б - 8 қызметкер, 2 техника, 

- №5513 ә/б - 273 әскери қызметші, 12 техника, 

- Ұлттық гвардия - 520 адам және 250 адам резервте.

Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін Жамбыл облысында ТЖМ және ТЖД жедел желі ашылды ТЖМ телефондары – 33-32-89, 53-32-79, ТЖД – 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109.

ТЖД ақпараттық сипаттағы 178 қоңырау келіп түсті.

Өзгелердің жаңалығы