Жамбылдағы жарылыс: Еліміздің барлық мешітінде Құран хатым бағышталады

28 Тамыз 2021, 15:35
3084
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс: Еліміздің барлық мешітінде Құран хатым бағышталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша қазақ елінің қабырғасын қайыстыруда, деп жазды muftyat.kz.

Адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Осыған орай 29 тамыз жексенбі күні таңғы сағат 10:00-де еліміздің барлық мешіттерінде Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты олардың рухына бағышталып Құран Хатым дұғасы оқылады, - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы