Жамбылдағы жарылыс. Бірқатар пойыз уақытша тоқтатылды

26 Тамыз 2021, 22:49
4609
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс. Бірқатар пойыз уақытша тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде орын алған жарылысқа байланысты бірқатар пойыздың жүру уақыты тоқтатылды.

Техникалық себептерге байланысты:

- №41 Алматы-2 – Атырау бағытындағы;

- №11 Алматы-2 – Шымкент бағытындағы;

- №78 Манғыстау - Алматы-2 бағытындағы;

- №24 Ақтөбе – Алматы-1 бағытындағы;

- №002 Шымкент – Алматы-2 бағытындағы;

- №72 Түркістан – Алматы-2 бағытындағы;

- №86 Сарыағаш – Нұр-Сұлтан-1 бағытындағы;

-№22 Қызылорда – Семей бағытындағы жолаушылар пойыздарының кешігеді.

Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе «105» бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуы керек.

Өзгелердің жаңалығы