Жамбылда табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 123 дерегі тіркелді

9 Қараша 2021, 19:43
842
Бөлісу:
Жамбылда табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 123 дерегі тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылда табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 123 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 20 қазанынан бастап Жамбыл облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге және экологиялық құқық бұзушылықтарды ашуға бағытталған «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Облыс аумағында табиғатты қорғау полициясы мен жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 123 дерегін анықтады, оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың – 86 дерегі, балық аулау және балық ресурстары мен басқада су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың – 28 дерегі, жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдаудың – 6 дерегі, жеке және заңды тұлғалардың қаруды сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау тәртібін бұзудың 3 дерегі тіркелді.

Салынған айыппұлдардың сомасы 1 408 380 теңгені құрайды, оның ішінде 816 760 теңге өндірілді. Аталған жедел алдын алу шаралары 2021 жылдың 19 қарашасына дейін жалғасады.


Өзгелердің жаңалығы