Жамбылда Қазақстан аумағында заңсыз жүрген Пәкістан азаматтары ұсталды

6 Мамыр 2023, 16:51
757
Бөлісу:
Жамбылда Қазақстан аумағында заңсыз жүрген Пәкістан азаматтары ұсталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша белсенді шараларды қабылдап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 1 мамырда әскери қызметкерлер Қазақстан аумағында заңсыз жүрген Пәкістан Ислам Республикасының 4 азаматын Мерке ауылында ұстады. Қылмыстық кодекстің 392-бабының 1-тармағы бойынша (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандарға қатысты «қамауға алу» бұлтартпас шарасы қолданылды.

2023 жылғы 2 мамырда «Сыпатай батыр» мен «Қордай» автокөліктік өткізу пункттерінде Қырғызстаннан 58 мың қорап темекі заттарының ірі партиясын Қазақстанға заңсыз өткізу әрекетінің жолы кесілді.

Контрабандалық тауардың алдын-ала бағалау құны 17 млн теңге. Тәркіленген жүк процессуалдық шешім шығару үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментіне берілді.

Өзгелердің жаңалығы