Жамбыл облысының тұрғынынан тіркелмеген қару табылды

24 Қаңтар 2022, 14:57
1599
Бөлісу:
Жамбыл облысының тұрғынынан тіркелмеген қару табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік оқиғасы барысында жоғалған, ұрланған қаруларды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері ЖамбылоблысыСарысу ауданы аумағында құрылысы аяқталмаған, қараусыз қалған ғимараттарға, ауылдардың маңайы және т.б. аумақтарға тексеру жұмыстарын жүргізді.

Рейдтік іс-шаралар барысында Досбол ауылының 43 жастағы тұрғынынан тіркелмеген 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 10 дана оқ-дәрі, 5 гильза және 4 қолдан жасалған пышақ анықталды. 

Сондай-ақ, 24 жастағы осы ауылдың тұрғынынан заңсыз сақталған 12 калибрлі аңшы мылтығы және 24 дана 12 калибрлі оқ-дәрі табылды.

Аталған азаматтарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 482-бабымен (Қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) хаттама толтырылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік берілетінін хабарлаймыз. Қару-жараққа қатысты қандай да бір ақпарат белгілі болса, полицияның «102» номеріне хабарлауды сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы