Жамбыл облысының тұрғыны қарасора мен көкнәр өсірген

22 Маусым 2019, 09:43
4947
Бөлісу:
Жамбыл облысының тұрғыны қарасора мен көкнәр өсірген
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл ауданының «Бірлесу-Еңбек» ауылында өсірілген 12 түп қарасораның және 1020 түп көкнар апиынының алқабын анықтады, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

"Тыйым салынған көшеттер 16 маусымда «Көкнар» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 56 жастағы ауыл тұрғынының ауласын аралау кезінде анықталды.
Күдікті өз кінәсін мойындады, қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген таратылған ақпаратта. 

Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына, контрабандасына қатысты есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі профилактикалық жұмыс өзінің тиімді нәтижелерін беруде.  

 

Өзгелердің жаңалығы