Жамбыл облысындағы өрт оқшауланды

4 Тамыз 2023, 14:32
519
Бөлісу:
Жамбыл облысындағы өрт оқшауланды
Фото: скрин

Жамбыл облысының таулы аймағындағы құрғақ шөп өрті бүгін сағат 13.50-де оқшауланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жұмылдырылған ТЖМ бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының бірлескен әрекетінің арқасында Жамбыл облысының таулы аймағындағы құрғақ шөп өрті бүгін сағат 13.50-де оқшауланды.

Еске салсақ, Жамбылдағы өртті ауыздықтауға қатты жел кедергі келтіріп жатқандығы туралы жазған болатынбыз.

«Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» аумағында таулы аумақта өрт шығып, болжаммен 200 га алаңда қураған шөп жанған болатын.

Өзгелердің жаңалығы