Жамбыл облысында «жеңгетайлар» ұсталды

21 Қыркүйек 2021, 15:57
2890
Бөлісу:
Жамбыл облысында «жеңгетайлар» ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 


Рейдтің бірінші күні Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан және ұйымдастырған 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған адам кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ 11 адам Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.

«Жеңгетай» санаты бойынша бір адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 3 әйел профилактикалық есепке алынды. Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

 



Өзгелердің жаңалығы