Жамбыл облысында жауған қатты жаңбыр сел тасқынына себеп болды

24 Маусым 2022, 10:26
1251
Бөлісу:
Жамбыл облысында жауған қатты жаңбыр сел тасқынына себеп болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордай ауданы, Үлкен Сұлутөр ауылында нөсер жаңбыр түріндегі жауын-шашынның салдарынан Ырғайты өзенінің бойында сел тасқыны  болды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 

Салдарынан ауылдың жолдарын су басты. Сондай-ақ су ағынының салдарынан жеке тұрғын үйлердің 2 шаруашылық құрылысы қирады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша мал шығыны бар. Жергілікті атқарушы органның комиссиясы келген залал мөлшерін анықтап жатыр.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 8 қызметкер 2 техника, жергілікті атқару органдарынан – 5 қызметкер және 2 техника барған.

Сонымен қатар, сағат 23:25-те Қордай ауданы, Шарбақты ауылынан 4 шақырым жерде Ырғайты өзені нөсер жауын-шашынның салдарынан су  деңгейі көтеріліп кеткен. Оның жағасында 11 адам демалып жатқан болатын. 

Су көтерілуінің салдарынан 6 адам дөңес жердегі аралда көлік ішінде қалып қойған. Сондай-ақ екпінді ағыс демалушылардың екінші көлігін шайып кеткен. 24 маусымда  сағат 01:15-те ТЖД құтқарушылары аралда қалған барлық адамдар құтқарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.  Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы