Жамбыл облысында су қоймаларының жобасы жасалып жатыр

2 Қыркүйек 2023, 08:50
614
Бөлісу:
Жамбыл облысында су қоймаларының жобасы жасалып жатыр
Фото: baq.kz

Жамбыл облысында жергілікті билік 3 ірі және 11 шағын су қоймасының жобасын жасап жатыр. Сонымен қатар, артық шығынды азайту үшін каналдарды бетондау жұмысы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы өңірдегі 57 мың гектар егістік алқапта су үнемдеу технологиясы қолданылады. Көлемін арттыру мақсатында алдағы 3 жылда 700-ге жуық ұңғыма қазу жоспарда бар. Дегенмен, мамандар жер асты суларын қайта зерттеу керектігін айтып отыр.

Біздің облыста жер асты суларының пайдалануға бұрынғы деректер бойынша 600 млн кубқа дейін пайдалануға болатыны нақтыланды. Зерделеу жұмыстары бұрын 40-45 жыл бұрынғы зерттеген зат болғандықтан зерттеу жұмыстары жүргізілгендіктен бүгінгі таңда ғылыми-зерттеу институттары нақтылап зерделеп, қанша гектар алқапқа қанша су алынатынын, қаншалықты ол судың жеткілікті көлемін, бізге мәлімет берсе, біз соған сәйкес жұмыс атқаратын боламыз, -дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Шәкір Момынқұлов.

Өзгелердің жаңалығы