Жамбыл облысында жұмысынан босатылған биология мұғалімі мектепке қайта оралды

Жамбыл облысында жұмыстан босатылған мұғалімге толық жалақысы төленетін болды.

11 Тамыз 2026, 20:34
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 11 Тамыз 2026, 20:34
11 Тамыз 2026, 20:34
127
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Жамбыл облысында биология пәнінің мұғалімі сотта жұмыстан босатылуын даулап, қайтадан өз жұмыс орнына тұрды. Тараптар медиация барысында келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әйел Жамбыл ауданындағы мектептердің бірінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және биология пәні мұғалімі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың сәуірінде жұмыс беруші оны екі қызметтен де босатқан. Бұған қызметтік тексеріс материалдары мен полицияның ұсынысы себеп болған.

Тексеріс аттестаттарды рәсімдеу кезіндегі заңбұзушылықтарға қатысты жүргізілген.

Әйел жұмыстан босатылумен келіспей, сотқа жүгінген. Ол қызметтік тексерістің қорытындылары жеткілікті дәлелдермен расталмағанын мәлімдеген.

Сонымен қатар, оның айтуынша, өзін аттестаттарды рәсімдеу жөніндегі комиссияны басқаруы тиіс болған бұйрықпен тиісті түрде таныстырмаған.

Сондай-ақ ол анықталған заңбұзушылықтардың директордың орынбасары ретіндегі жұмысына ғана қатысты болғанын атап өткен. Ал оның биология пәні мұғалімі ретіндегі жұмысына ешқандай ескерту болмаған. Оған қоса, бұған дейін тәртіптік жаза да алмаған.

Істі қарау барысында тараптар судья-медиатордың қатысуымен дауды реттеуге келіскен.

Келісім бойынша мектеп әйелді 2026 жылдың тамыз айынан бастап аптасына сегіз сағат жүктемемен биология мұғалімі ретінде жұмысқа қабылдауға міндеттенді.

1 қыркүйектен бастап оған толық ставка - 16 сағат белгіленуі тиіс. 

Сондай-ақ, жұмыс беруші биология пәнінің мұғалімі қызметінен босату туралы бұйрықтың күшін жоюға және мәжбүрлі жұмыста болмаған уақытына жалақы төлеуге міндеттенді. 

Сот келісімді бекітті және іс бойынша өндірісті тоқтатты.

Еске салайық, бұған дейін Түркістанда мұғалімдерден пара алған экс-директор қамауға алынды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Қазақстанда биология пәні мұғалімдеріне қатысты өзгеріс енгізілуі мүмкін

Педагогтерге қатысты жаңа заң: Мұғалімдерге артық есеп жүктеуге тыйым салынады

1 қыркүйектен бастап мұғалімдерге қатысты жаңа жүйе іске қосылады

Наверх