Жамбыл облысында мектеп оқушыларына жаңа автобус берілді

22 Ақпан 2024, 23:45
398
Бөлісу:
Жамбыл облысында мектеп оқушыларына жаңа автобус берілді
Фото: скрин

Жамбыл облысында Тараз қаласы мен Жамбыл, Меркі, Шу, Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов аудандарындағы мектептерге 14 жаңа автобус берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі бірқатар білім ошақтарына көлік кілтін кілтін табыс етті.

Жаңа автобустар заманауи талаптарға сай. Атап айтқанда, қауіпсіздік белдіктерімен, рюкзактарға арналған сөрелермен және есік ашылған сәтте қозғалысты бұғаттау механизмімен жабдықталған.

Сондай-ақ барлық автобустар ерекше балалардың кіріп-шығуына арналған пандус қондырғыларымен қамтылған.

Төрт автобус 22 орынға, 10 автобус 38 оқушыға арналған. Балалар тасымалына арналған қоғамдық көліктермен оқушылар аудандық және облыстық деңгейдегі түрлі жарыстарға да қатынайтын болады, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы