Жамбыл облысында электр қуаты қымбаттады

7 Қаңтар 2020, 10:15
2438
Бөлісу:
Жамбыл облысында электр қуаты қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде жарықтың бағасы 3 теңге 91 тиынға өскен, деп хабарлайды Хабар 24.

Бірақ тариф тек мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерге қатысты өзгеріп отыр. Мәселен, бұған дейін әрбір бюджеттік мекеме өнімнің киловатына 24 теңгеден төлеп келсе, енді 28 теңге көлемінде айналады. Ал жеке және заңды тұлғалараға қатысты мамандар тариф өзгермейді деген болжам айтып отыр. Табиғи монополияларды реттеу комитеті қызметкерлерінің айтуынша, бағаның өсуіне тасмалдау қызметі әсер еткен. 

Электр қуаты нарығының бағасы 30%-ке қымбаттап отыр Осының себебінен электр энергия бағасы 3%-ке көтеріліп отыр. Оның ішінде халыққа дейміз, тұтынушыларға баға өзгерген жоқ. Сол 2019 жылы төлеген ақшасымен төлеп отырады. Және өзге де заңды тұлғалардың бағасы өзгермеген, - деді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Көрпебаев.



Өзгелердің жаңалығы