Жамбыл облысының Полиция департаменті қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, заңсыз сақталған қаруды іздеу және тәркілеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы мақсатта сәуір айының соңында біздің қызметкерлер «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның 5 күнінде полицейлер заңсыз айналымнан 54 қару, 448 оқ-дәрі, 1 жарық-шу гранатасын, 9 арнайы құралдарды тәркіледі.
Бұл туралы Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев хабарлады.
Алынған барлық құралдарға сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.
Полиция қызметкерлері қару иелерінің тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ 704 шалғайдағы шаруа қожалығына тексеру жұмыстарын жүргізді.
Жедел-алдын алу шарасы барысында 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қаруды сақтау ережелерін бұзудың 15 дерегі, қаруды қайта тіркеуді бұзудың 6 фактісі анықталды.
Биыл сәуір айында заңсыз айналымнан 60 қару мен 1183 оқ тәркіленді.
Мәселен, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде облыс орталығындағы Солнечный иінінің шет жағында қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған полипропилен пакетін тапты. Онда Жамбыл облысы ПД қоймасынан ұрланған 5,45 мм калибрлі «АКС-74» автоматы, 12 мм калибрлі «ИЖ-54» маркалы екі ұңғылы аңшы мылтығы, 16 мм калибрлі «ИЖ-ЗК» маркалы бір ұңғылы аңшы мылтығы, «ИЖ-18ЕМ» 16 мм калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 16 мм калибрлі «ИЖ-58» маркалы бір ұңғылы шолақ аңшы мылтығы тәркіленді, - делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты ҚК 287-бабы 3-бөлімінің «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.