Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жамбыл облысында баласы сабаққа бармай қалған әйел жауапқа тартылды

29 Сәуір 2025, 07:44
593
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді қайта орындамаған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Әйелге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 2-бөлігі ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша іс қозғалды.

Материалдарға сәйкес, сотталушының колледждің 2-курсында оқитын студент ұлы сабақтарға дәлелсіз себептермен бірнеше рет қатыспаған. Бала әлі 16 жасқа толмағандықтан, жауапкершілік оның анасына жүктелді.

Айта кетерлігі, бұл әйелдің тәрбие міндеттерін бұзу фактісі алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Бұған дейін, 2024 жылдың қарашасында да ол ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылған екен.

Қайталанған құқық бұзушылық үшін заң бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш (58 980 теңге) көлемінде айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.

Сот әйелді кінәлі деп танып, айыппұл салу туралы шешім қабылдады. Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, айыппұл көлемі 30 пайызға азайтылып, 41 мың теңге болып белгіленді.

Өзгелердің жаңалығы