Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері сотталды

17 Қараша 2019, 14:10
4222
Бөлісу:
Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Меркі ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды. 

Бас дәрігер мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 800 мың теңге сомасында пара алған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Меркі ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Б.Құрманәліге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.

Ол ЖШС өкілінен 2 миллион 800 мың теңгеге балалардың құрғақ тамағын жеткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін 800 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген, - деп мәлімдеді агенттіктің баспасөз қызметі.

12 қарашада Меркі аудандық сотының үкімімен дәрігер пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға сотталды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.

Өзгелердің жаңалығы