Жамбыл облысында 655 шақырымнан аса канал жөнделеді

12 Наурыз 2024, 09:13
326
Бөлісу:
Жамбыл облысында 655 шақырымнан аса канал жөнделеді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Жамбыл облысында 655 шақырымнан астам канал жөнделіп, 46 ұңғыма қайта бұрғыланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2024-2025 жылдар аралығында облыста тағы 200 шақырымға жуық каналды реконструкциялау жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар, биылғы жылы 128 шақырым болатын 14 каналды бетонмен қаптау жұмысын бастау көзделуде. Нұржан Нұржігітов өңірге жұмыс сапары аясында Қордай, Шу және Меркі аудандарын аралап, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты. Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен Қордай ауданындағы Қайнар ауылында 3 800 га суармалы алқапты сумен жабдықтауды ұлғайту үшін қысымды су құбыры салынып жатыр. Жоба қосымша секундына 1 текше метр су алуға мүмкіндік береді. Бұл жергілікті шаруаларды суармалы сумен қамту мәселесін толық шешу үшін қажет.

Жамбыл облысында жүзеге асырып жатқан барлық жобалар суармалы алқаптардың көлемін ұлғайтуға, суды тиімді пайдалануға және су беру сапасын жақсартуға бағытталған. Сол себепті құрылыс жұмыстарын мерзімінен кешіктірмей әрі сапалы аяқтау керек, - деді Нұржан Нұржігітов. 

Шу ауданындағы Тасөткел су қоймасы бөгетінің сейсмикалық төзімділігін арттыру жұмысы аяқталды. Жоба аясында Тасөткел су қоймасында апатты су тастау жүйесі салынды. 

Сондай-ақ төтенше жағдай кезіндегі дабыл және бейнебақылау жүйелері орнатылып, өткізу пунктін жақсарту сынды қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Енді нысанды пайдалануға бермес бұрын қажетті су көлемін жинап, сынақтан өткізу қажет. Нұржан Нұржігітов жергілікті атқарушы органдар мен жауапты мекеме басшыларына бұл жұмысты ұзаққа созбай, бірлесіп ұйымдастыруды тапсырды. Шу ауданында іске асырылып жатқан тағы бір маңызды құрылыс - ирригациялық-дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы. Бұл жұмыстар толық аяқталғанда Шу ауданында 5172 га суармалы алқапты сумен қамтамасыз ету сапасы мен жердің мелиоративтік жағдайы жақсарады. Бүгінгі күнге Жамбыл және Қордай аудандары бойынша ұзындығы

117,2 шақырым 44 каналда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жобаның 2 кезеңі аясында «Оңжағалау» магистарльды каналында қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Жоба аясында 61 шақырымнан асатын 15 каналға және жалпы ұзындығы 25 шақырымнан астатын 2 коллекторлы-дренажды жүйеге реконструкциялау жүргізіліп жатыр. 

Ал Меркі ауданында Үлкен Шу каналының батыс тармағын қосымша сумен қамтамасыз ету мақсатында 46 ұңғыма қайта бұрғыланды. 

Бұдан бөлек «Андас - 1», «Андас - 2» және «Андас - 3» құйма тоғандары салынып жатыр. Үш тоған қосымша 1,93 млн текше метр су жинауға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы