Жамбыл облысы. Сайлау тыныш өтті

11 Қаңтар 2021, 00:25
1416
Бөлісу:
Жамбыл облысы. Сайлау тыныш өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өрескел заң бұзушылықтарсыз өтіп жатқанын жеткізді.

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы күні облыстың сайлау учаскелерінде 2176 сенімді өкілдер, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда. Кешкі сағат 17.00-ге дейін сайлау учаскелерінде ешқандай шағымдар тіркелген жоқ - дейді ол.

Сайлаушыларға электронды үкімет порталында азаматтарды тіркеу орны бойынша мәліметтерді тексерудің онлайн-сервис қызметі ұсынылуда.

Бұл сайлаудың ерекшелігі – әлеуметтік арақашықтықты бұзбай, маска таға отырып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажеттігінде. Сондай-ақ, әр екі сағат сайын жиһазды антисептикпен өңделіп, дауыс беретін бөлмелерді желдетілуі тиіс. Кейбір сайлаушылар қаламағанымен, адамдардың денсаулығы бірінші орында екенін ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар, белгіленген нормалар бұзылған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы әкімшілік айыппұлға тартылуы мүмкін. Мен барлық сайлау процесінің қатысушыларын сабырлық сақтауға және қолданыстағы ережелер мен заңдылықты сақтауға шақырамын, - деп түйіндеді Серғали Айдапкелов.

Өзгелердің жаңалығы