Жамбыл облысы прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғады

20 Мамыр 2024, 19:40
330
Бөлісу:
Жамбыл облысы прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғады

Облыс прокуратурасының мобильді тобына бір топ кәсіпкерлерден сигнал түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

«Жамбыл су» және «Жасыл Ел-Тараз» коммуналдық кәсіпорындарында шарттық міндеттемелерді адал орындаған 109 кәсіпкердің алдында берешек қалыптасқаны анықталды.

Мысалы, 14.06.2023 жылғы шарт бойынша кәсіпкерлердің бірі құны 103,7 млн теңге болатын арнайы көлікті жеткізу бойынша міндеттемені орындаған. Алайда «Жамбыл су» тапсырыс берушісі жеткізген тауар үшін 4 айдан астам төлем жасамаған. Осыған ұқсас бұзушылықтар 800 млн теңгеден асатын сомаға 109 кәсіпкерге қатысты «Жамбыл су» және «Жасыл Ел-Тараз» мекемелерінің қызметтерінде анықталды, - деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қадағалау актісі бойынша Тараз қаласының әкімдігі берешекті өтеу кестесін бекітті, оған сәйкес 53 кәсіпкерге 206,8 млн теңге төленді.

Кестеге сәйкес берешекті өтеу жұмыстары жалғасуда және прокуратураның бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы