Жамбыл облысы ПД-нің экс-басшысы мәлімдеме жасады

11 Ақпан 2020, 11:37
5950
Бөлісу:
Жамбыл облысы ПД-нің экс-басшысы мәлімдеме жасады

Алматы, BAQ.KZ. 10 ақпан күні жұмысынан босатылған Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев облыс тұрғындарына үндеу жасады.

Ол Facebook-тегі парақшасына жұмыс барысында қолдау көрсеткендердің барлығына алғысын білдірді.

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары! Бүгін сіздермен қоштаса отырып, қызмет барысында көрсеткен қолдауларыңыз үшін баршаңызға зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл, ең алдымен – белсенді азаматтар, полиция қызметкерлері, менің жақындарым. Сіздерге қай кезде де сенім артуға болатын. Жамбылдықтардың бойынан дәл осы қасиеттерді жоғары бағалайтынымды шын жүректен мойындаймын, - деді ол.

Сонымен қатар, ол еліміздің көптеген облысында жұмыс істегенін және олардың әрқайсысына бар жаныммен уайымдап, өркендеуі үшін үлесін қосуға, өзінің пайдасын тигізуге тырысқанын жеткізді.

Құрметті менің достарым, осындай жылылық ұялаған аймақта жұмыс істеген кезеңдерімді әрқашан есте сақтайтын боламын. Жамбыл облысының ең мықты, үздік және әрдайым алдыңғы қатарда болуына тілектеспін. Баршаңызға бейбітшілік, тыныштық, ертеңгі күнге сенімділік тілеймін, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы