Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония ТМД елдері бойынша үздік атанды

27 Сәуір 2020, 22:30
2069
Бөлісу:
Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония ТМД елдері бойынша үздік атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ТМД елдері бойынша үздік бестікке енді.

ТурСтат туристік порталы ТМД елдеріндегі үздік филармониялардың рейтингін жасады.

Алғашқы үздік бестікке Мәскеудегі мемлекеттік академиялық филармония, Шостакович атындағы Санкт-Петербург академиялық филармониясы, Минскідегі Беларусь мемлекеттік филармониясы, Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы және Бакудегі Мүслім Магомаев атындағы Әзірбайжан мемлекеттік академиялық филармониясы енген.

Бағалау кезінде филармонияның танымалдығы мен оның онлайн көрсетілетін концерттеріне талдау жасалып, нәтижесі ескерілген.
Өзгелердің жаңалығы