Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты – Мамин

23 Қараша 2021, 09:17
1232
Бөлісу:
Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты  – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты.

Инфекциялық ауруханалардағы орындардың қамтылуы 30%, ал реанимациялық орындардың қамтылуы 25% құрайды. «Қызыл аймақта» 2 өңір – Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр, сары аймақта – 4 өңір, жасыл аймақта – 11 өңір, - деді Мамин.

Ол атағандай, вирустың таралу деңгейі шекаралас мемлекеттерде өскенін ескерсек, санитариялық талап шаралары жаппай сақталуға тиіс.

Әсіресе, шекара маңындағы өңірлер эпидемиологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау қажет. Коронавирус инфекциясынан қорғанудың маңызды тәсілі вакцинациялау, сондықтан оның қарқынын одан әрі ұлғайту керек. Бүгінгі күні бірінші компонентті 8,7 млн адам салдыртты – бұл 18 жастан асқан тұрғындардың 76%, екінші компонентті шамамен 8 млн адам алды – бұл халықтың 70% жуығы. Тұмаудан вакцинациялау 99 пайыздан асты, - деді ол.

Мамин атағандай, өңірлерде коронавирус бойынша қайта вакцинациялау басталды.

Ол үшін вакцина қоры жеткілікті. Вакциналарды сақтау мен тасымалдау режимін қамтамасыз ету аса маңызды. Әкімдерге аталған мәселелерді жеке бақылауда ұстауды тапсырамын, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы