Жалғас Жұмағұловтың кезекті қарсыласы анықталды

26 Тамыз 2022, 07:39
1002
Бөлісу:
Жалғас Жұмағұловтың кезекті қарсыласы анықталды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-7) кезекті жекпе-жегін кіммен өткізетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Жалғас Жұмағұлов 31 жастағы америкалық файтер Чарльз Джонсонмен (11-3) кездесу өткізбек. Жекпе-жек 19 қарашаға жоспарланып отыр. Бұл Жұмағұлов үшін UFC-дегі алтыншы кездесу болмақ.

33 жастағы қазақстандық спортшы промоушнде бес жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы биыл UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде төрешілердің шешімімен ұтылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы