Жалған вакцинация құжаттарын дайындағандарды қандай жаза күтеді?

2 Тамыз 2021, 12:25
6752
Бөлісу:
Жалған вакцинация құжаттарын дайындағандарды қандай жаза күтеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде министрліктің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, алдағы уақытта полиция қызметкерлері орталықтарды, емханаларды, вакцина алу пунктерін жіті тексереді. Онымен қоса, интернет мониторингі кезінде деректер базасында тіркелген анықтамалар немесе вакцинация құжаттарын дайындау туралы жалған ұсыныстар анықталады.

Мәселен, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған вакцинация паспорттарын немесе ПТР-анықтамаларды сату туралы 68 хабарландыру анықталған. Олар туралы ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберіледі. Жалпы, жыл басынан бері полиция органдары 110 қылмыстық іс қозғады, оның ішінде 53-і вакцинация паспорттарын және 57-сі ПТР-анықтамаларын қолдан жасағаны үшін, - деді ол.

Сонымен қатар ол жалған құжат дайындап, оны пайдаланған азаматтарға тағайындалатын жаза туралы айтты.

Жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салғым келеді, - дейді Шұғыла Тұрлыбек.

Өзгелердің жаңалығы