Жалған вакцина паспортын сатқан медицина қызметкерлері ұсталды

9 Шілде 2021, 11:20
4142
Бөлісу:
Жалған вакцина паспортын сатқан медицина қызметкерлері ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еліміздің үш өңірінде жалған вакцина паспортын сатқан медицина қызметкерлерін қолға түсірді. Бұл туралы агенттік басшысы Марат Ахметжанов айтты.

Олар іс жүзінде вакцинация алмаған адамдарға құжат дайындап, ал салу керек дозаны төгіп тастаған. Бұл жерде халықтың денсаулығы жайына қалды. Ал бюджеттен бөлінген ақша босқа кетеді. Осы жалған вакцинация паспортын алған адамдар қасымызда, ғимаратта, көлікте бізбен жүруі мүмкін. Бұл жерде жемқорлық қана емес, сонымен қатар, халықтың қауіпсіздігіне қауіп төндіру де бар,- деді Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан, Ақмола және Алматы облыстарында жүргізілген операция кезінде жалған вакцина паспортын жасаған медицина қызметкерлері ұсталған.

Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі биыл ПТР-анықтама жасағаны үшін азаматтардың үстінен 23 қылмыстық іс қозғалғанын, ал жалған вакцина паспортын әзірлеу бойынша төрт қылмыстық іс тіркелгенін хабарлаған.

Өзгелердің жаңалығы