Жалған вакцина құжаттарын жасағандарды полицияға өзіміз тапсырдық – Нариман Табынбаев

12 Шілде 2021, 18:35
4081
Бөлісу:
Жалған вакцина құжаттарын жасағандарды полицияға өзіміз тапсырдық – Нариман Табынбаев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев ПТР анықтамасы мен вакцина құжаттарын қолдан жасағандарға қатысты түсінік берді.

Табынбаевтың айтуынша, Алматы медициналық мекемелерінде вакцина құжаттарын қолдан жасаудың екі жағдайы анықталып, дәлелденген. Оның біріншісі осыдан 2,5 ай бұрын №21 емханада анықталған. Екіншісі №4 қалалық емханада анықталған.

Бұл жағдайларды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өзі анықтады. Кейін оны Полиция департаментіне жолдадық. Қазір тағы бір емдеу орнында осындай жағдайды анықтау бойынша ПД-не жолдадық. Сондай-ақ мұндай жағдай қайталанбас үшін құқық қорғау органдарымен бірге вакцина салынатын орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырмыз, - деді ол.

Сонымен қатар ол жалған вакцина құжаттарын жасаған адамдарға қандай жаза кесілетіні туралы айтты.

Бұл адамдар жалған құжат жасап, вакцинаны жойған. Қазір олармен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ал, мекеме басшылары жұмыстарын жалғастыруда. Тергеу жұмыстары аяқталған соң бәрі белгілі болады,-деді басқарма басшысы.

Айта кетсек, бүгін қаладағы «Достар Мед» және «Сұңқар» қызметкерлері жалған құжаттар жасағаны үшін ұсталғаны, сондай-ақ №4 емханада медициналық қызметкерлердің вакцинация паспорттарын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойғаны туралы хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы