Жалған ПЦР нәтижесін сатқан медицина университетінің студенті ұсталды

16 Тамыз 2021, 09:44
7557
Бөлісу:
Жалған ПЦР нәтижесін сатқан медицина университетінің студенті ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалған ПЦР нәтижесін сатқан медицина университетінің студенті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жеке медициналық орталықтың егу бөлмесінде медициналық қызметкер болып жұмыс істейтін 25 жастағы Х.есімді медицина университетінің студенті ұсталды.

Бізге келіп түскен жедел ақпаратты біз бірнеше күн бойы тексердік. Нәтижесінде бұл ақпарат расталды. Күдікті өз қызметін 20 мың теңгеге бағаланған. Аталған факт бірыңғай сот алды тергеу реестріне ҚР ҚК 385-бабы 1-тармағы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Өз кінәсін толық мойындап отырған Х.есімді азамат тек қана бір рет жалған ПЦР нәтижесін жасағанын алға тартып отыр. Тергеу барысында оның қанша адамға жалған құжат дайындап бергендігін анықтайтын боламыз, – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД-нің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.


Өзгелердің жаңалығы