Жалған нөмір тағып алған жүргізуші жауапқа тартылды

13 Маусым 2022, 13:45
1183
Бөлісу:
Жалған нөмір тағып алған жүргізуші жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті рейд кезінде Атакент кентіндегі полиция пунктінің алдында тұрған «Daewoo Nexia» маркалы автокөліктің нөмірінің жалған екендігіне күдіктенді, деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Осы бойынша полиция қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті. Қажетті шараларды іске асыра отырып жүргізушінің көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып алғанын анықтады. Аталған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі «Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу белгілерін орнату» бойынша хаттама толтырылды.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері жүргізушілерді осы тәрізді олқылықтарға жол бермеуге шақырады. Қайта жабдықтауды да заңға сәйкес жасау қажет. Одан бөлек жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолданып көлік басқаруға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы