Жалған ақпарат таратқанның жазасы қандай?

20 Тамыз 2021, 20:20
4935
Бөлісу:
Жалған ақпарат таратқанның жазасы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы кездері БАҚ пен әлеуметтік желілерде арандатушылық және жалған материалдарды тарату жағдайлары жиілеп кетті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай ақпараттық хабарлар вакциналау мен босқындардың келуінен бастап, тіл мәселесіне дейінгі әртүрлі тақырыптарды қамтиды. Жалған жарияланымдар болып жатқан оқиғаларды бұрмалайды, халықты жаңылыстырады. Мысалы, жекелеген адамдар дәрігерлер мен ғалымдардың құзыретті пікірлерін елемей, «COVID-19» қарсы вакциналардың қауіптілігі мен тиімсіздігі туралы негізсіз жариялайды - делінген хабарламада.

Кейбіреулер Конституцияда кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына – шығу тегіне, ұлтына және тіліне байланысты кемсітушілікке жол берілмейтініне ашық түрде қол сұғады.

Сонымен қатар аталған құқықтар мен бостандықтарды бұзу және шектеу, көрінеу жалған ақпарат тарату Қылмыстық кодекстің 145, 174, 274-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды заңнаманы мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға, жалған хабарламаларға ден қоймауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы