Жалға берілетін 83 мыңнан астам пәтер тексерілді – ІІМ

21 Ақпан 2022, 11:38
1265
Бөлісу:
Жалға берілетін 83 мыңнан астам пәтер тексерілді – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Дәурен Қозыбақов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Жұмыс істеу барысында 238,7 мыңға жуық тексеру жүргізілді, оның ішінде 39 208 – қараусыз қалған үй, 20 977 – ғимарат пен басқа үй-жай, 94 705 – саяжай,83 858 - басқа нысан. Жалға берілетін 83 мыңнан астам пәтер тексерілді. 119 000 астам әкімшілік құқық бұзушылықтар тоқтатылды, - деді ол. 

Қозыбақов атап өткендей, оның ішінде 24 251 ұсақ бұзақылық дерегі, 30 893 алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу фактісі.

Қаруды заңсыз алу және сақтау бойынша 329 факті, азаматтардың тіркеусіз тұруының 52 703 фактісі, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамдардың халықтың көшi-қон саласындағы заңнаманы 4 935 бұзуы, 3356 ел азаматтарының көші-қон саласындағы заңнаманы бұзу, 2 230 жүргізуші мас күйінде жүру фактісі бойынша тіркелді, - деді Қозыбақов. 

Өзгелердің жаңалығы