Канадалық компания қонақтары Айға саяхат жасағандай әсер алатын 5 млрд долларлық қонақүй салуды жоспарлап отыр

Айға ұшпай-ақ ғарышқа саяхат: Канадада 5 млрд долларлық қонақүй салынады

18 Қараша 2026, 19:17
АВТОР
 BILD_Russian 18 Қараша 2026, 19:17
18 Қараша 2026, 19:17
117
Фото: BILD_Russian

Канадалық Moon World Resorts компаниясы келушілерге Айға саяхат жасағандай әсер сыйлайтын ойын-сауық кешенінің жобасын әзірлеп жатыр. Ғимараттың биіктігі – 312 метр, ал шар тәрізді құрылымның диаметрі – 271 метр болады.

Фото: BILD_Russian

Кешен ішінде 4 мың нөмірлі бес жұлдызды қонақүй және аумағы шамамен 49 мың шаршы метрді құрайтын жасанды ай ландшафты орналасады. Келушілер Ай бетінің үлгісінде серуендеп, ғарыш базасын аралап, астронавттардың арнайы жаттығуларынан өте алады. 90 минуттық экскурсияның құны шамамен 500 доллар болады.

Фото: BILD_Russian

Жобаға канадалық астронавт Джереми Хансен кеңесші ретінде тартылды. Ол 2026 жылғы сәуірде Artemis II миссиясы аясында Айды айналып ұшқан болатын. Ол әзірлеушілерге Ай ландшафтын барынша шынайы етіп жасауға және астронавтарды даярлау бағдарламасын әзірлеуге көмектеседі.

Бір кешеннің құрылысы шамамен 5 млрд долларға бағаланып отыр. Болашақта компания әлемнің түрлі елдерінде осындай онға дейін демалыс кешенін ашуды жоспарлайды.

Фото: BILD_Russian

Алайда әзірге құрылыстың нақты орны мен басталу мерзімі анықталған жоқ.

Наверх