Дженсен Хуанг Nvidia компаниясын қайта басқаруға дайын екенін мәлімдеді

 BILD 18 Қараша 2026, 19:49
18 Қараша 2026, 19:49
105
Фото: BILD

Nvidia компаниясының негізін қалаушы әрі бұрынғы бас директоры Дженсен Хуанг қызметінен кеткеннен кейін алғаш рет көпшілік алдында мәлімдеме жасады. Ол жеке өмірінде «елеулі қателіктер жібергенін» мойындап, компания басшылығына қайта оралуға дайын екенін білдірді.

Егер директорлар кеңесі менің қайта оралуым акционерлердің, қызметкерлердің, компанияның және Американың мүддесіне сай келеді деп шешсе, бас директор қызметіне қайта оралу мен үшін үлкен мәртебе болар еді, – деді Хуанг.

Кәсіпкердің қызметіне қайта оралу бастамасын АҚШ президенті Дональд Трамп пен Tesla компаниясының басшысы Илон Маск қолдап отыр. Алайда 1 желтоқсанда Хуанг АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының бірнеше комитетінде түсініктеме беруі тиіс. Заң шығарушылар Хуанг пен Nvidia компаниясының Қытайға АҚШ-тың озық чиптеріне қол жеткізуге мүмкіндік берген-бермегенін анықтап жатыр.

Тергеу аясында Хуангтың Қытайдың болжамды тыңшысы Элис Хуангпен байланысы да назарға алынған. Ол бұрын Megaspeed технологиялық компаниясын басқарған. Элис Хуанг Nvidia чиптерін Қытайға заңсыз жеткізуге қатысы бар деген күдікке ілінген.

Алайда әзірге бұл айыптауларға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Еске салсақ, NVIDIA басшысы Қазақстанға алғаш рет келіп, 1998 жылғы видеокартаға қолтаңбасын қалдырған болатын.

Сондай-ақ, Президент NVIDIA компаниясының президенті Дженсен Хуангпен кездесті. Тоқаев NVIDIA компаниясының басшысына Ақордадағы нәтижелі кездесу үшін алғыс айтты.

Тағы оқи отырыңыз:

Қазақстан Physical AI әлемдік хабына айнала ала ма? NVIDIA басшысы ұсынысын айтты

Қазақстанда NVIDIA компаниясының физикалық жасанды интеллект жөніндегі өңірлік орталығын құру ұсынылды

Nvidia басшысы тыңшылық дауына ілікті: Не белгілі?

Наверх