ШОБ-тың жалдау төлемақысы жыл соңына дейін есептелмейді – министр

2 Қыркүйек 2020, 09:17
1401
Бөлісу:
ШОБ-тың жалдау төлемақысы жыл соңына дейін есептелмейді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шағын және орта бизнес үшін жалдау төлемақысын есептеу жыл соңына дейін тоқтатыла тұрады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекеттік аппаратты және квазимемлекеттік сектор жұмыскерлерін қысқарту аясында 2020 жылы олардың саны 10%-ға, келесі жылы тағы 15%-ға қысқарады. Кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде мемлекет пен квазимемлекеттік сектордағы жылжымайтын мүлік нысандары бойынша шағын және орта бизнес үшін жалдау төлемақысын есептеу жыл соңына дейін тоқтатыла тұрады, - деді министр.

Министр атап өткендей, экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен шығару үшін 2025 жылға дейін жекешелендірудің жаңа жоспары қабылданады. 

Жолдауды тиімді іске асыру үшін министрлік жобалық тәсілді қолданады. Көрсетілген шаралардың сапалы, жедел және ашық іске асырылуы қамтамасыз етілетін болады, - деді ол.
Бұған дейін Дәленов 2025 жылы ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 4 млн-ға жететінін айтты.


Өзгелердің жаңалығы